Қытай Тәжікстанның 45 пайыз жері өздеріне тиесілі екенін ескертті

923

Қытай Тәжікстанды борыштық міндеттеменің өтеуі ретінде Памирді беруге көндіруі мүмкін.

Қытайда Памир қытай тарихының бір бөлігі болғаны туралы айтыла бастады. Қытай аннекциялағысы келетін әр аумаққа қатысты осылай дейді. Бейжің осы жолы Тәжікстан жерінің 45 пайызына ауыз салмақ. Бұл туралы Үндістандағы ағылшын тілінде хабар тарататын wionews басылымы хабарлады.

Жуырда қытай тарихшысы Чо Яу Лу Қытай Памирден Цинь империясы билігінің ақырғы жылдарында айырылып қалғанын, әлемдік державалардың қысымының кесірінен Памир 128 жыл бойы Қытайдан тыс қалып қойғаны туралы жазған.

Оның сөзінше, Тәжікстан аумағының 45 пайызы Қытайға тиесілі. 2011 жылы Қытай Тәжікстаннан 1000 шаршы шақырым Памир жерін алмақ болған. 2019 жылы Washington Post газеті Памирде қытай қарулы күштерінің жүргені туралы жазған.

Үндістандық басылымның хабарлауынша, Қытай Тәжікстанды борыштық міндеттеменің өтеуі ретінде Памирді беруге көндіруі мүмкін. Тәжікстан 2017 жылы «Белдеу мен жол» бастамасына қосылған. Бүгінде елде 350 қытай компаниясы жұмыс істейді.

Тfipost сайтының дерегінше, Душанбе Қытайға 1,2 миллирд доллар қарыз. Елдің сыртқы қарызының жалпы көлемі 2,9 млрд долларды құрайды. Бұған дейін Тәжікстан берешектің бір бөлігінің өтеуі ретінде Қытайға пайдалы қазбаларды өндіруге рұқсат берген.

«Енді Қытай Памирді осылай алғысы келеді. Бұл Қытайға шекаралық бекеттер, әуежайлар, салуға мүмкіндік берер еді. Бұл Қытайдан қарыз алған барлық ел үшін сабақ болуға тиіс» деп жазды үндістандық сайт.

Дереккөз: qamshy.kz