Түркістанда Назарбаевқа ескерткіш орнатылуы мүмкін

1050

ТҮРІКСОЙ-дың бас хатшысы Билал Чакыджи Түркістан қаласында Елбасына ескерткіш орнату мәселесін көтерді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Қазақстанның тұңғыш президенті түркі елдерінің тұтастығының нығаюы мен дамуына үлкен үлес қосты. Осыдан үш жыл бұрын Нұрсұлтан Әбішұлының тарихи Жарлығымен Түркістан облысы құрылды, Түркістан қаласы облыс орталығына айналды. Ұлт көшбасшысының ерекше Жарлығы тек қана Қазақстан үшін емес, сонымен қатар барлық түркі әлемі үшін тарихи оқиға болды. Осы кезден бастап қала ерекше қарқынмен дамып келеді. Үш жылдың ішінде Түркістан тек қана түркі әлеміне емес, оның шекарасында да танылып үлгерді. Ежелгі қала өзінің тарихи сипатын сақтай отырып, заманына сай дами бастады”, – деп ол Елбасының ерен еңбегін тілге тиек етті.

Осылайша Билал Чакыджи Түркістанда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін орнату мәселесін көтерді.

“Жоғарыда аталғандармен байланысты Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанның орталығында қаланың қайта жандануына себеп болған, сонымен қатар түркі ықпалдастығы идеясын жүзеге асыруға баға жетпес үлес қосқан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ескерткіш орнатуға шақырамын. Бұл үшін көптеген негіз бар. Бұл ой Мемлекет басшысы бола отырып, түркі елдерінің бірігуіне ықпал еткен, қазақ халқының гүлденуі мен тыныштығына, оның тәуелсіздігіне ұмтылған Түркі әлемінің данышпан ақсақалына деген ерекше құрметтен туып отыр. Мен барлық саналы азаматтардың бұл бастаманы қолдайтынына сенімдімін», — деді Билал Чакыджи.

Конференция қатысушылары шетелдік ғалымның ұсынысын бірауыздан қолдады. Сонымен қатар Елбасының түркі әлемінің дамуына қосқан ерекше үлесіне алғысын білдірді.