Қырым суға кетті

1568

«Қырымдағы Керчь қаласында нөсер жауын ғимараттар мен көліктерді, көшелерді су астында қалдырды» деп жазады «Вести Крым» порталы. 

Керчь қаласына оккупацияланған Қырымның басшысы Сергей Аксёнов барып, жағдаймен танысқан. Әлеуметтік желіде шенеуніктердің қайықпен жүргені, ал құтқарушылардың жүзіп жүргені жарияланған видео шығып, шу болуда.

Керчь қаласында электр жарығы өшірілген.Қалада төтенше жағдай жарияланып, суды тазарту жұмыстары басталды.

Abai.kz