«Жастар ресурстық орталығы» Абай ауданының жанынан құрылған «Мобильді топ» мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық түсіндірме жұмыстарының мақсаты «Жастардан жастарға — ақпараттық керуен» жобасы аясында жастарға орталықтың жұмыстары мен түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттар бере отырып, оларға бағыт-бағдар көрсету.
Іс-шарада барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып жүргізілді.