АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

639

Бүгін, «ЖИТС – тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мамандарымен «Жол көлік колледжі» студенттері және психолог мамандарының қатысуымен «Адамның иммундық тапшылық вирусы (АИТВ) және Жұқтырылған иммундық тапшылық синдромын (ЖИТС) алдын алу» тақырыбында Zoom видео- байланыс ақпараттық жүйесі арқылы ақпараттық түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.

Түсіндірме жұмыстарының мақсаты — адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі АИТВ вирусының алдын-алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жастарды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.