ЖАСТАР «БІРГЕ-ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСТЫ

640
Бүгін маусым  «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау» күніне орай «Бірге- таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған сенбілік шарасына Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен еріктілер қатысты.
Сенбілік акциясы барысында Әл-Фараби ауданына қарасты Желтоқсан көшесінің бойында арық-атыздар және жаяу жүргіншілер жолдарын қоқыстардан тазартты.
Науқан – қоршаған ортаның тазалығына бірауыздан атсалысуға бағытталған. Өсіп келе жатқан жас жеткіншектерге сол арқылы үлгі көрсету. Осылайша жастар тұрғындарды табиғатты қорғауға, тазалықты сақтауға шақыруды.