«Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

844

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары Қаратау ауданының бітіруші түлектеріне «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3ші бағыты – Жастар практикасы. Бұл  жұмыссыз жүрген жастарды жұмыспен қамтып, тәжірибе жинауға мол мүмкіндік беретінін  бағдарлама. Өз мамандығын  терең үйреніп, тәжірибе жинағысы келетін жастар  бұл бағдарлама туралы жақсы біледі.

Жастар практикасы оқуды аяқтағаннан соң 3 жыл ішінде алған кәсібі немесе мамандығы  бойынша  жұмысқа орналасуды жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі. Түлектерді  жұмысқа бейімдеу мақсатында  ұйымдастырылатын   бағдарламаға  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орындарын аяқтаған 29  жасқа дейінгі  түлектер қатысады.