Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Өзіңді жең» жобасының кейіпкері Грэпплинг UWW спорт шебері Батухан Құттымұрат. Жас та болса, талай белесті бағындырған спортшы.
Ол — 2021 Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Уфа, Ресей және
Қазақстан Республикасы чемпионатының 4 дүркін чемпионы, 6 дүркін Қазақстан кубогының иегері,2019 жылы Әлем чемпионы, Әзербайжан, Баку,
2018 жылы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Нұрсұлтан қаласы.
Батухан Құттымұрат: «Әрбір жетістік пен жеңістің артында өз бойыңдағы үрей мен қорқынышты, өз күшіңе деген сенімсіздікті жеңу үшін алға аттаған кішкентай қадамдар тұр. Өз-өзіңді жеңу — өзге біреуді жеңуден қиын. Өйткені, өз бойыңдағы жалқаулық, сенімсіздік сияқты кемшіліктері байқамайсың. Өзіңді жеңу үшін аянбай тер төк. Еңбектен, өзіңе ғана сен. Ұлы Абай атамыз айтқандай: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен қайратың екі жақтап».