Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» мамандары дайындаған «Жастардан жастарға — ақпараттық керуен» жобасының бүгінгі тақырыбы — «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы.
«Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Мемлекеттік үдемелі, индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады. Бағдарламаның мақсаты — экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өтуін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, бар жұмыс орындарын сақтап және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Бірыңғай бағдарлама 4 бағытты қамтиды.
- моноқалаларды, шағын қалаларды және ауылдық елідмекен кәсіпкерлерінің жаңа бизнес бастамаларын қолдау,
- экономиканың және өңдеу өнеркәсібінің басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді салалық қолдау,
- кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету,
- кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржылық емес шаралар.
Ал, толығырақ ақпарат алу үшін қалалық «Жастар ресурстық орталығының» әлеуметтік желілерінің парақшаларынан немесе мына телефон арқылы алуға болады — 87074757612.