Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» Еңбекші ауданық мамандарының ұйымдастыруымен шалғай елді-мекенде орналасқан жастарға спорт түрлерінен арнайы ойындар өткізілді.
Мақсаты:
-Бұқаралық спортты дамыту,
-шалғайда орналасқан жастарды спортқа тарту,
-олардың бос уақытын тиімді пайдалану,
-салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Іс-шара шалғай ауданда орналасқан «Тоғыс» елді-мекенінде өткізілді.
Іс-шара барысында жастар арасында футболдан, шахматтан спорттық ойындар өткізілді. Сондай-ақ жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ойында белсенділік танытқан жас спортшылар арнайы дипломдармен марапатталды.
Іс-шарада барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталды.