Құс тұмауы оңтүстікке жетті

821

Құс тұмауы тіркелген облыстардың саны жетеу болды. Ауыл шаруашылығы министрлігі қай облыста қанша құстың қырылғанын жария етті:

• Ақмола облысында — жеке қосалқы шаруашылықтарда 703 құс (соңғы тәулікте-0);

• Жамбыл облысында — жеке қосалқы шаруашылықтарда 238 құс (соңғы тәулікте — 6);

• Қарағанды облысында — жеке қосалқы шаруашылықтарда 102 құс ЖҚШ (соңғы тәулікте — 12);

• Қостанай облысында — жеке қосалқы шаруашылықтарда 2 218 құс және құс фабрикасында 109 567 құс (тиісінше 1 112 және 109 567);

• Павлодар облысында — жеке қосалқы шаруашылықтарда 2 753 құс ЖҚШ (0);

• Солтүстік Қазақстан облысында — жеке қосалқы шаруашылықтарда 13 806 құс және құс фабрикасында 93 849 құс (тиісінше 1 143 және 39 535);

• Түркістан облысында — жеке қосалқы шаруашылықтарда 273 құс (соңғы тәулікте 196)

«Барлығы жеке аулада 20 мың құс және екі құс фабрикасында 203 мың құс қырылды («Бескөл құс фабрикасы» ЖШС — 93 849 бас, «Агроинтерптица» — 109 567 бас)» деп хабарлайды министрліктен.

ҚазАқпарат