29-30 қыркүйек күндері қалалық «Халықты жұмыспен қамту орталығы» және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Шымкент қаласының шалғай елді- мекендерінде орналасқан Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Аталмыш жәрмеңкенің мақсаты қаламыздың алыс елді-мекендерінде тұратын тұрғындарға екі күн бойы мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі мен жұмыспен қамту шаралары жөнінде түсіндіру. Сонымен бірге, «Жастардан жастарға -ақпараттық керуен» жобасы аясында өз мамандығы бойынша жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз жастарды «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысуға шақыру.
Жәрмеңке барысында 2000-нан астам бос жұмыс орындарын ұсынылып, 478 адам тұрақты жұмысқа жолдама алды.
Дегенмен, жәрмеңкеге келіп үлгермеген азаматтар аудандық қалалық жұмыспен қамту орталығының бөлімшелеріне барып, мамандарына жүгіне алады:
АБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША
Мекен-жайы: Жиделібайсын көшесі, 92 («Бекжан»сауда орталығы, 1 қабаты)
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ БОЙЫНША
Мекен-жайы: А.Байтұрсынов және Ұ.Арғынбеков көшелерінің қиылысы, А.Байтұрсынов көшесі, 201
ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ БОЙЫНША
Мекен-жайы: «Күншығыс» м/а, Жолан батыр көшесі 115/2
ҚАРАТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША
Мекен-жайы: «Нұрсат» м/а, С.Бәйтереков 89
Іс-шарада барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.