«ЫРЫС АЛДЫ — ЫНТЫМАҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

1027

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Әл- Фараби ауданы бөлімінің ұйымдастыруымен «Ырыс алды — ынтымақ» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренингке Қазақстан психологтар лигасының мүшесі, ҚР Ассамблеясының республикалық аналар кеңесінің спикері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі жанындағы «Әйелдер , және отбасы- демографиялық саясаты» жөніндегі комиссиясының мүшесі Қойшиева Лимана Құттыбекқызы және «Шымкент көпсалалы» колледжінің студенттері қатысты.

Аталмыш шараның мақсаты: Жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу және психологиялық жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Кеште барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізіледі.