7,6 трлн теңге бөлінген Ұлттық жоба: ауыз су, жол, баспана мәселесіне қайта қаражат бөлінді

1034

«Түркістан-Шымкент-Ташкент» магистралінің құрылысы қамтамасыз етіледі

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына 7,6 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 4 трлн теңге, ал жергілікті бюджеттен 786 млрд теңге қаражат бөлінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Белгілі болғандай бұл қаражатқа, 16 мың шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілері салынады. «Достық-Мойынты» учаскесін электрлендіру есебінен Қытай-Еуропа-Қытай қатынасының өткізу қабілетін бес есеге ұлғайту жоспарланып отыр. «Түркістан-Шымкент-Ташкент» жоғары жылдамдықты магистралінің құрылысы қамтамасыз етіледі.

«Ұлттық жобаны іске асыру қорытындысы бойынша қала мен ауылдарда сумен жабдықтау және су бұру қызметін 100% қолжетімді ету, 2025 жылдың соңына дейін даму әлеуеті бар 3561 ауылды жаңғырту, 103 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру, республикалық автожолдың барлығы және жергілікті деңгейдегі автожолдардың 95%-ын жақсы жағдайға жеткізу көзделіп отыр, — дейді Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.

Ұлттық жоба аясында бөлінген қаражатқа Қазақстанның сыртқы иммиджін жақсатуға да қаражат қарастырылған. Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік рейтингінде инфрақұрылым сапасы бойынша Қазақстанның позициясын 40-орынға дейін жақсарту көзделіпті.

Еркежан Айтқазы, Нұр-Сұлтан қаласы