Шараға Шымкент қаласынан 300-ден астам жас қатысып жатыр. Әлеуметтік желілердегі қазақтілді контенттің дамуына серпін беретін тың жобада тренерлер 4 бағыт бойынша тренинг өткізеді. Атап айтқанда, Instagram, Youtube, Facebook және Тik-tok желілерінде сапалы контент жасау бағытында арнайы теориялық және практикалық тапсырмалар ұсынады.
Шара қатысушылары үшін арнайы фуршет ұйымдастырылған. Онда әрбір қатысушының тренермен бірге тақырыпты талқылап, кеңес алуына мүмкіндіктер қарастырылған. Сұрақ-жауап кезеңінде қала жастары көкейіндегі сұрақтарына тренерден жауап ала алады.
Ауқымды шараның тренерлері – сапалы да мәнді контент жасап, қалада ғана емес, жалпы республикаға танымал болған блогерлер мен вайнерлер.
Қазіргі уақытта Шымкент қаласындағы жоғарғы оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарынан шараға қатысуға ниет білдіріп, тіркелгендер көп. Шараның салтанатты ашылуы болып өтті. Бас-аяғы 4 тақырып бойынша өтетін тренинг соңында әр қатысушыға арнайы сертификат табысталады. Сонымен қатар болашақта әлеуеттік желілерде контент жасауды ниет еткен жастарға тренерлер бағыт-бағдар беріп, жөн сілтейтінін де тілге тиек ете кету керек.
Сапалы да мағыналы видеоконтент жасауға үйрететін тың жобаға қатысушылар дән риза!