Оқушыларға бетперде таратылуда

594
Ағымдағы жылдың 1-9-қыркүйек аралығында Республика көлемінде «Абайлаңыз – балалар!» атты жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың мектепке баратын, мектептен қайтатын жолдарында қауіпсіз жүріп тұруларына жағдай жасап, балалардың қатысуымен орын алған жол апаттарына талдау жүргізіп, төтенше жағдайлар мен басқада өрескел құқық бұзушылықтарды болдырмау болып табылады. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы №1 Пушкин атындағы жалпы орта мектепке бекітілген Ювеналды полиция инспекторы полиция майоры Талғат Тоғаев оқушыларға бетперде таратып берді.
Сонымен қатар, Жергілікті атқарушы органдармен, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдерімен бірлесе отырып, халықтың жаппай жүретін орындарында, аялдама алаңдарында, қоғамдық көліктер мен маршрут салондарында балалардың жол-көлік оқиғасынан жарақаттанудың алдын алуға бағытталған көрнекі насихаттау жұмыстары бірлесіп атқаруда. Мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарына жақын орналасқан аумақтар, яғни сол маңдағы жаяу жүргінші өтпелері мен тротуарлары, орнатылған жол белгілері, бағдаршамдар мен қоршаулардың жай-күйлеріне қосымша тексерістер жүргізіп, балалардың жүріп-тұруы үшін қауіпсіз жағдайларды қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.