ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Aутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Ана үйі» қоғамдық қорында «Ерікті болу — ерлік» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
Жас аналармен кездесуге «Ізгілік» еріктілер мектебінің жетекшісі Шер Мухаммад Халида қатысып, өз тәжірбиесімен бөлісті.
Еріктілер мектебінің басты мақсаты – қоршаған ортаға қамқорлық көрсету, мұқтаждарға көмек беріп, ізгілік жолында жастардың өз ізін қалдыруы болып отыр.Сонымен қатар, жастардың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту.