2025 жылға дейін Қазақстандықтардың мобильді аударымдары туралы дерек салық органдарына берілмейді. Ал елімізде жеке кәсіпкерлер 2023 жылға дейін салық төлеуден босатылған, деп хабарлайды Stan.kz.
Халық алдында кеңінен талқылауға түскен тақырыптың нүктесі қойылды. Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылға дейін жеке деректерге қол жеткізу мүмкін болмайтынын айтты. Демек бұрынғыдай жеке тұлғалар арасындағы аударымдарға салық салынбайды. Оған қоса жеке тұлғалардың деректері Мемлекеттік кірістер комитетіне берілмейді.
Өйткен бұл ақпараттың барлығы банк құпиясы болып саналады. Қазақстандықтар бұрынғыдай шектеусіз аударым жасап, қабылдай алады.
Парламент сайтында жарияланған заң жобасына келсек, жеке тұлғаларға қатысты мәліметтерді беру жалпыға бірдей декларацияны енгізуге сай келеді және бұл 2025 жылдан басталады.
Бұл ретте жеке кәсіпкерлерге алаңдауға еш негіз жоқ. Өйткені олар 2023 жылға дейін салық төлеуден босатылған.
«Барлық мәлімет мемлекеттік кіріс органдарына беріледі деген ақпарат – негізсіз. Сондықтан алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Сондықтан жеке аударымдарға салық салынбайды. Еске салып өтерлігі, бұл қабылданған мораторий аясында жеке кәсіпкерлер 2023 жылдың басына дейін салық төлеуден босатылған», — дейді қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов.