Утилизация алымы айтарлықтай азайтылады – Әлихан Смайылов

715

Қазақстанда кәдеге жарату алымының мөлшерлемесі төмендетіледі. Мұны үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

«Автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасынан кәдеге жарату алымының мөлшерлемелерін айтарлықтай азайту қарастырылып жатыр», — деді Смайылов.

Ол сондай-ақ ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуға, қалдықтар мен су ресурстарын басқару жүйелерін жетілдіруге, көлдерді қалпына келтіруге бағытталған шараларды іске асыру жалғасатынын сендірді.

Сондай-ақ, сарқынды суларды ағызу көлемін азайту, технологиялық қажеттіліктер үшін тұщы суды тұтынуды азайту және стихиялық қоқыс тастайтын жерлердің санын азайту жөніндегі іс-шаралар іске асырылатын болады.