Президент Қасым-Жомарт Тоқаев делдалдарды тарату мәселесін шешуді тапсырды. Оның айтуынша, азаматтар өзіне жұмсайтын ақша осы компанияларға кетеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Сөз комиссиялар мен тарифтер, түрлі делдалдар, монополиялық операторлар, қажетсіз агенттер туралы болып отыр. Бұл мәселені білесіздер. Сұрақ: Олардың қызметіне кім төлейді? Әрине, тұтынушы төлейді. Мұның себебі — қабылданған заңдар мен қаулылар. Яғни, мемлекеттік органдар көбінесе қоғам мүддесін емес, белгілі бір компаниялардың мүддесіне байланысты нормативтік-құқықтық актілер жасайды», — деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Оның айтуынша, қазақстандықтар өзіне жұмсауы тиіс қаражат осы компаниялардың қалтасына түседі.
«Үкіметке осы мәселеге аса назар аударып, «Атамекен» ҰКП-мен бірге осындай жағдайларды анықтап, нақты шешімдер қабылдау тапсырылады», — деп тапсырды Президент.