Шымкентте екі мыңнан астам адам оңалту шараларымен қамтылды

1051

Шымкент қаласында 2 157 адам оңалту шараларымен қамтылды, деп хабарлайды ardak.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Есепті 6 ай кезеңге 2 157 адам оңалту шараларымен қамтылды. Оның ішінде стационар жағдайда – 775 азамат, жартылай стационар жағдайда – 236 азамат, үйде қызмет көрсету жағдайда – 726 азамат, үкіметтік емес ұйымдар арқылы – 420 азамат.

Сонымен қатар, психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек адамдарға қосымша №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жанынан 50 орындық ғимарат салуға ұсыныс беріліп, жобалық сметалық құжаттама жүргізілуде құрылыс тарапынан 2022 жылға тиісті жұмыстар атқарылуда.

Сонымен қоса, үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 100 жолдама берілді. Медициналық әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 2022 жылы 29 жолдама берілді. Арнаулы әлеуметтік қызметтер әлеуметтік салада психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедек балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жалғызілікті 1-2 топтағы мүгедектер мен қарттарға стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету жағдайында мемлекеттік мекемелерге альтернатив ретінде үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Осы бағытта басқармаға қарасты 12 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтар бар.

  1. «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі;
  2. «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі;
  3. «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі;
  4. «№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі;
  5. «Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-і;
  6. «№6 балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі;
  7. «№ 7 үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ;
  8. «Өмірлік қиын жағдайдағы адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ-сі;
  9. «Белсенді ұзақ өмір» орталығы» КММ-сі;
  10. «Ten Qogam» әлеуметтік қолдау орталығы КММ-сі; 11. «Бақытты жанұя» орталығы КММ-сі;

12. «Аутизм және басқа да ментальды бұзушылықтары бар мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі; Айта кетейік, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 5 бағытта жұмыс жасайды.