«ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ДӘСТҮРЛЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

565

«ОТБАСЫ КҮНІ» мерекесіне орай, Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға ҚР Ассамблеясының республикалық аналар кеңесінің спикері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі жанындағы «Әйелдер және отбасы- демографиялық саясаты» жөніндегі комиссиясының мүшесі Қойшиева Лимана Құттыбекқызы мен «Заң талабы» орталығының психолог маманы Хамитова Ақбота және «Көмек» оңалту орталығының жалғыз басты жас аналары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу, дұрыс ойлау, өзіне деген сенімділікті арттыру, отбасылық құндылықтарды сақтау бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ ішкі қабілеттерін дамыту мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер мен ойындар ойнатылды.