Ордабасыдан аса құнды жәдігерлер табылды

1517

Ордабасы өңіріндегі Қарабастау елді мекенінде аса құнды жәдігерлер табылды, деп жазды otyrar.kz.
Мұны ауыл тұрғыны құрылыс жұмысын жүргізу кезінде 2,5-3 метр тереңдіктен көрген. Ол бірден қоладан жасалған 5 дана, тасқа ұқсас заттан қашалып жасалған 2 құнды жәдігерлерді Ордабасы қорық-музей қорына табыстады.

Археологтардың зерттеуі бойынша, мұндай жәдігерлер Түркістан облысы аумағында бұрын соңды табылмаған б.з.б. I мыңжылдықта өмір сүрген сақ дәуіріне жататын жәдігерлер болуы мүмкін.

Жалпы қоладан жасалған екі жәдігерде архар жануарының бейнесі сомдалған. Ал тасқа ұқсас заттан қашалып, ортасы жіп өткізілетіндей етіліп жасалған екі зат әйел адамның әшекей бұйымы, яғни моншақтың бір бөлігі екендігін аңғартады.