ЖАСТАРДЫ САНАЛЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАУ

1504
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Отбасы — бақыт мекені» жобасы аясында жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу мақсатында семинар-тренинг өткізілді.
Мақсаты: Жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, саналы көзқарас, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу, жақсы әке мен ана болуға дайындау. Бүгінгі жас оқушы ертең ата-ана болады, тек өз бойларында жақсылық пен жамандықты ажырата алуға, өмірдегі шындыққа саналы жауапкершілікпен қарайтын, өз-өздерін танып, дамытатын тұлғалар ғана біздің еліміздің жарқын болашағы болмақ.
Неке – отбасы қатынастарына дайындық дегеніміз – күрделі, ұзақ көп қырлы процесс. Қай елде болмасын мемлекет негізін берік отбасылар құрайды. Өйткені, отбасындағы береке мен бірлік елдің дамуы мен нығаюына да тікелей әсер етеді. «Отан – отбасынан басталады» деген сөздің түп төркінін де осы жерден іздеуімізге толық негіз бар.
Қазіргі кезде отбасын құру және өмірлік жарды таңдау қиынға соғады. Өйткені қазіргі жастарда, отбасы, неке туралы түсінік азын-аулақ. Сондықтан да, қазіргі таңда, осының салдарынан ажырасу көбейіп келеді. Сонымен қатар, Батыстың азаматтық некесі де осыған әсер етеді. Осы себептен жастарды отбасы өміріне дайындаудың психологиялық маңызы өте зор.
Бағдарлама студенттер мен жоғары сынып оқушыларын отбасылы-некелі өмірге даярлаудың жоғарыда аталған психологиялық-педагогикалық негіздерін қалайды деген сеніммен құрастырылды. Студент жастар мен жоғары сынып оқушыларын отбасылық сауаттылық пен жауапкершіліктерін қалыптастыруға арналған. Студенттерге, жастарға арманы мен алдына қойылған мақсаттары мен міндеттерін шешуге, кездескен қиындықтардан жол таба алуға, болашаққа бағдарлануына өз көмегін тигізе алады.