ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ІС-САПАРЫНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

618
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау аясында, жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді.
Бүгін жиырмадан аса азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдаған еліміздің бас дәрігері Шымкент қаласындағы іс-сапарын Медициналық академияның мәжіліс заңында БАҚ өкілдеріне брифинг берумен қорытындылады.
Брифинг барысында бүгінгі таңда денсаулық сақтаудың басым бағыттарының бірі халыққа сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету болып табылатынын атап өткен денсаулық сақтау министрі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында атқарылған ауқымды жұмыстар мен жоспарларға кеңінен тоқталып өтті.
Атап айтқанда, өткен жылы «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы қабылданды, онда қолжетімді сапалы медициналық көмек, эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыру, отандық өндірістің қолжетімді дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары, саламатты өмір салтын жүргізетін халықтың үлесін арттыру, бұқаралық спортты дамыту сияқты 4 бағытты іске асыру көзделген.
Биологиялық қатерлерді ерте анықтауға және алдын алуға бағытталған биологиялық қауіпсіздік туралы Заң қабылданды. Осы мақсатта биоқауіптерді болжау және алдын алу жүйесін қалыптастыру көзделген.
Пациенттердің құқықтарын қорғау және медициналық қызметкерлерді сақтандыру, олардың мәртебесін арттыру бойынша заң жобасын қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2021 жылдың қорытындысы бойынша қалада бала туудың 10 пайызға өсу оң динамикасы байқалады, (2020 ж. – 28,78; 2021 ж. – 31,60), ана өлімі 15 пайызға төмендеді (2020 ж. — 53,3; 2021 ж. — 44,9), сондай-ақ қан аурулары өлімінің көрсеткіші 6 пайызға, қатерлі ісіктен болатын өлім пайызға төмендеді.
2022 жылдың 6 айында ана өлімінің 5 есеге төмендегені байқалады (6 ай 2022 ж. — 6,7, 6 ай 2021 ж. — 31,4).
Қан айналым жүйесі ауруларынан өлім жітім 9 пайызға және қатерлі ісіктен 11 пайызға төмендеді.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі буын — алғашқы медициналық-санитарлық көмек — бұл халыққа көрсетілетін барлық медициналық көмекті үйлестіруге арналған қызмет.