ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ

1199
Түркістан облыcтық клиникалық ауруханасының нейрохирургиялық бөлімшесінде мастер-класс ұйымдастырылды. Ол мастер-класс астаналық профессор, нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Серік Дүйсенбінің қатысуымен өтті.
Бірінші науқаста оң жақтағы тригеминальды невралгия болды. Оған оң жақтағы тригеминальды жүйке тамырының микроваскулярлық декомпрессиясы отасы жасалды. Екінші науқаста церебральды оң жақ гемисфераның менингиомасы диагнозы болған. Ол науқасқа оң жақтағы церебральды менингиоманы микрохирургиялық алып тастау отасы жасалды. Үшінші науқаста сол жақта желке бөлігінің артериовенозды ақауы болды. Оған мидың желке бөлігінің АВМ микрохирургиялық кесілуі отасы жүргізілді.
Айта кетейік, барлық операциялар МӘМС шеңберінде жүргізілді. Операциядан кейінгі кезеңде науқастардың жағдайы жақсы.