«Біреуді балағаттаған адам 69 мың теңге айыппұл төлейді»

870

Қоғамдық орында балағат сөз айтқандарға айыппұл мөлшері көбейді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасы басшысының орынбасары Азамат Құрымбаев айтты.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жаңа редакциясында қоғамдық орындарда балағат сөз айту, адамдарды қорлау мен қудалау, ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдалану орындарын, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікті бүлдіру, айналадағы адамдарға құрметсіздік таныту, қоғамдық тәртіпті және адамдардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер ұсақ бұзақылық болып саналады», — деді Құрымбаев онлайн брифингте.

Оның сөзінше, бүгінде мұндай заңбұзушылыққа 5 АЕК (17 250 теңге, 1 АЕК – 3 450 теңге) айыппұл немесе 15 тәулікке қамауға алу жазасы қарастырылған. Заңға енгізілген жаңа өзгеріске сай, енді айыппұл көлемі 20 АЕК (69 мың теңге) болмақ немесе 5-30 тәулікке дейін қамауға алу көзделген.

Abai.kz