Ши төраға Путинді жықты. Енді Зеленский не дейді?

1279

Кеше Қытай төрағасы Ши Жипиң Мәскеуге сапарлап барды. Ресей басшысы екеуі есікті ашып қойып та, жауып қойып та сөйлесіп, келіссөздер өткізіп жатыр, деп жазады Mezgil.kz.

Осыған дейін Қытай Украина мен Ресейге бейбіт келісім жобасын ұсынған еді. Қытай екіараға арағайындық жасауға ниет танытты.

Бүгін Ресей президенті Путин: «Қытай ұсынған бейбіт келісім жобасын басшылыққа алып, Украина дағдарысын шешуге дайынбыз», — деді.

Осының өзі аймақтағы Ресей ықпалының қаншалықты әлсірегенін көрсетсе керек.

Батыстық сарапшылар: «ОА-да Ресейдің бұрынғы әлеуеті әлсіреді. Орнын Қытай басып жатыр», — дейді.

Мәскеуде жүрген Ши төрағаның әр басқан ізін аңдып отырған жұрт көп. Қытай төрағасы осыған дейін президент Зеленскиймен де жолықпақ ниетте екенін айтқан. Ал бүгін Путинге: «Жыл соңына дейін Бейжіңге келіңіз», — деді.

Өз кезегінде Владимир Путин: «Біз Азия, Африка және Латын Америка елдерімен сауданы юаньмен жасауды қолдаймыз», — деді. Осыны айтқанынан-ақ, Ресей президентінің тығырыққа тірелгенін һәм Ресейге қарсы экономикалық санкциялардың әсер ете бастағанын бағамдай беріңіз. «Санкция дегеніңіз түк те әсер етпейді», — деп бетбақтырмаған Кремльдің жағдайы белгілі болды.

Abai.kz