«Дикий Арманмен» байланысы болған 15 адам ұсталды – ІІМ

565

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыстың айтуынша, биыл тамыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратурамен бірлесіп, Алматы мен Шымкент қалаларында бір уақытта «Дикий Арманның» ұйымдасқан қылмыстық тобының 15 ықтимал мүшесіне қатысты ұстау және тінту шараларын жүргізген..

– Топтың жетекшісі мен негізгі мүшелері қамауға алынғанымен, оның басқа мүшелері бостандықта заңсыз әрекеттерді жасауды жалғастырған», — деді ол.

40-тан астам тінту іс-шаралары жүргізіліп, атыс, травматикалық және суық қару, сондай-ақ олардың құқыққа қайшы қызметінің өзге де заттай дәлелдемелері тәркіленді. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Аса қауіпті қылмыстық топтарды, оның ішінде Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарды құрықтау бойынша белсенді кезең аяқталуда, – деді ІІМ өкілі.