«Семіріп» алған – Тұрсынғали Еділов Парижге барған боксшылардың жеңілу себебін айтты

612

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат берген елге белгілі спорт маманы, бокстан Қазақстан құрамасының командасының бас бапкері болған Тұрсынғали Еділов Париж Олимпиадасынан неліктен қазақ боксшыларының нәтижесі көңіл қуантпайтыны жөнінде пікірін ортаға салды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

– Бұл жерде біз жоғалтып алдық. Біз тек бас бапкерге сенеміз (Мырзағали Айтжановқа). Жеті адам – Сәкенді, Сабырханды алмайды ешқашан. Қоңқабаевтың орнына кім бар? Ешкім жоқ. Шыңбергеновтың орнына кім барады – ешкім жоқ. Бір-екі… Токио Олимпиадасынан бастап дабыл қауға керек болатын. Ауыстыру керек еді. Қоңқабаев не керек? Құлап жүр. Жалолов нокаутқа түсірген адам оны ұтып алды, – дейді ол.

Тұрсынғали Еділов “тойып алсаң қалай қимылдау керектігін ұмытасың, аш болуың керек” дейді.

– Қазір “семіріп” алған. Мәселе онда емес. Алсын, бірақ подводка керек – балаларды қалай келтіру деген. Соншама жиынмен болмайды. 16 жыл бойы құрама командада жүр… – дейді ол.

Тұрсынғали Еділов өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовпен шыққан Сәкен Бибосынов жеңілді деп есептейді. Бибосыновтың соңғы раундта үш-төрт соққы алып қалғанын айтып, жеңілісіне сол себеп болды дейді. “Сәкен жеңді” деген сөз далбаса дейді.