Грек-рим күресінен Қазақстан командасының өкілі Ержет Жарлықасын Тиранада (Албания) өтіп жатқан олимпиадалық емес салмақта әлем чемпионатының күміс жүлдесін алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстандық балуан 63 келіде дейінгі салмақта «күміс» алды.
Финалда ол Әзербайжаннан келген Нихат Маммадалиге қарсы тұрды.
Шешуші жекпе-жек қарсылас пайдасына 6:1 есебімен аяқталды. Ержет әлем чемпионатын «күміспен» аяқтады.
Айта кетелік, биыл Ержет Бішкекте (Қырғызстан) Азия чемпионатында алтын медаль алған.