Қазақстания құрлығындағы — Қазақия мемлекеті

401

Осыдан 380 млн жыл бұрын Жер планетасының континенттік көші кезінде  батыс Еуропа елдерінде терминге айналып үлгерсе де, бізге әлі жаңалық болып отырған «Қазақстания» континенті қалыптасқан еді. Бұл континент қазіргі қазақ жерінің 60%-ын құраған үлкен жер бедері.

Сонымен қатар қазақ атауының ежелгі тарихи карталарда бейнеленгені де белігі болып отыр. Қазақ – қазақ болғалы Еуропаның ешқандай картасынан тыс қалмаған екен. Жалпы еліміздің атауына қатысты дереккөздерде кездесетін бұлтартпас дәлелдер соңғы уақыттары көптеп ашылуда…

2,6 миллиард жыл бұрын жер бетінде Моногея дейін суперконтинент болса, 1,8 миллиард жыл бұрын Мегасея, ал 300 миллион жыл бұрын Пангея деген тағы бір алып континент орнықты.

Панталасса атты әлемдік мұхит қоршап тұрған суперконтиненттің  қатпарлану нәтижесінде Оңтүстікте Гондвана, ал солтүстікке Лавразия суперқұрлығы пайда болды. Олар біртіндеп жіктеліп, континенттен Лаврентия, Балтика, Сібір немесе Ангарида, Қазақстания тағы басқа құрлықтар бөлінді.

Қазақстания – Лаврус және Сібір платформалары арасында орналасқан ортапалозойттық  материк. Жер аумағы Торғай ойпаты мен Тұран ойпатына бастау алып, Гоби мен Такламан шөлдеріне дейінгі жерді қамтыған. Яғни Қазіргі Қазақстанның көп бөлігі мен Қытайдың солтүстігіндегі атаулы шөлді аймақтарды алып жатқан.

Құрлықтың Қазақстан атауымен аталуының да қисыны жоқ емес. Толыққанды қазіргі қазақ жерінің орныққан континенті. Қазақстания – қазіргі география пәні бойынша оқулықтарға де еніп үлгерді. Бұл еліміздің тарихының тереңдігінің бір көрінісі ғана. «Атамұра» баспасынан шыққан 9 сыныпқа арналған «География» кітабының 68-69 беттерінде нақты дәлелдермен көрсетілген.

 

«Атамұра» баспасынан шыққан «География» 9сынып оқулығында көрсетілген «Қазақстания» материгі.

 

Қазақстания туралы геология ғылымдарының докторы, профессоры Әділхан Бейпатша: «Қазақстания» микроконтиненті жайлы деректі мен өз лекцияларымда одан 15-20 жыл бұрын келтіргенмін. Бұл тұжырым қазір ғалымда біржолата орнықты.

Әлемдегі ең беделді энциклопедия — жер жүзінің ең айтулы ғалымдардың қатысуымен шығарылатын «Британника» энциклопедиясы. Керек десеніз, осы энциклопедияның «Силур» кезеніне қатысты мақаласында «Қазақстания» микроконтиненті бір емес, үш мәрте аталады. Осы «Британникада» арнайы карта да берілген. Онда Лавразия, Балтика, Беренция, Сібірмен бірге Палеотетис теңізінің үстінде тұрған Қазақстания микроқұрлығының атауы да, орналасқан жері де тайға таңба басқандай анык көрсетілген. Бұдан артық қандай дәлел керек», — дейді.

Жер бедерінің Қазақстания деп аталатыны даусыз. Ал тарихшы Мұхит Сынықназар Қазақ мемлекетінің де осы жерде қалыптасқанын Еуропада табылған тарихи карталармен дәлелдеді. Тарихшының экспедициясы нәтижесінде кітап жазылып, қазақ мемлекеті белгіленген 130-ға жуық тарихи карта енгізілген. Еуропа елдері Қазақ хандағын мойындап, карталарында « Қазақия» деп көрсетіпті. Қазіргі Қазақстан аумағында орналасқан Қазақия мемлекеті.

 

М. Сынықназаровтың «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XVІ-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті» кітабы мен табылған тарихи карталар.

 

Оның айтуынша, 1465 жылы Қазақ хандығы құрылған кезден бері мемлекет атауы Батыс елдерінің озық картографиялық баспаларынан шыққан атлас карталарынан қалыс қалып көрмеген. Олардың арасында Америка Құрама Штаттары, Бельгия, Англия, Франция, Италия, Германия және басқа да мемлекеттерде басылған карталар бар. Аталған еңбекте мемлекеттігіміз анық көрсетілген және орта ғасырлардан, яғни 1562 жылдан бастап 1879 жылға дейінгі кезең қамтылған. Барлығы – 130 карта…

Қазақстан мемлекетінің тарихы тереңде екені даусыз. Қуантарлығы – тек қана сылдыр сөзбен емес, нақты ғылыми дәлелдермен айғақталып жатыр. Осындай тың әрі еліміз үшін маңызды факторларды көбінен қозғап, насихаттау аса маңызды. Қазақ мемлекеті асты һәм үсті тек қана қазақ иелігі үшін. Өз өзімізді танымай, еңсесін тіктер ел болуымыз екі талай. Тарихымыздың тамыры тереңде. Тек соны ғылым жолымен тани білу керек.

Хамза Берден

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінен 3 студенті

Abai.kz