АЙТЫЛДЫ – ОРЫНДАЛДЫ: №28 ҮЙ АУЛАСЫНДАҒЫ ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖӨНДЕЛДІ

112

Шымкент қаласы, 4-шағын ауданның тұрғыны Қалдыбек Тұрбаев «AMANAT» партиясы Тұран аудандық филиалына жүгініп, №28 көпқабатты тұрғын үйдің ауласында орналасқан балалар ойын алаңшасына қатысты мәселесін жеткізді. Оның айтуынша, ойын алаңындағы бірнеше элемент жарамсыз күйге түскен және балалардың өміріне қауіп төндіріп тұрған.

Бұл өтініш елдің әрбір азаматы үшін маңызды болып табылатын әлеуметтік мәселелердің шешілуіне мемлекеттік және қоғамдық институттардың бірлесіп әрекет етуінің үлгісін көрсетеді. Қалдыбек Тұрбаевтың өтініші бойынша, тиісті шаралар жедел қолға алынып, аталған аумақтағы балалардың қауіпсіздігі мен жайлылығына ерекше назар аударылды.

Азаматтың бұл өтініші партия филиалы тарапынан дереу назарға алынып, Тұран аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Есімхан Бертаев аудандық әкімдікке хабар беріп, мәселені жедел шешуге ықпал етті.

Қысқа мерзімде тиісті мамандар аталған мекен-жайға келіп, ойын алаңшасындағы сынған және жарамсыз элементтерді жөндеп, аумақты ретке келтірді. Қазіргі таңда алаңшаның барлық құрал-жабдықтары қайтадан қалпына келтіріліп, балаларға қауіпсіз әрі ыңғайлы ойнау үшін барлық жағдай жасалды.

Нәтижесінде балалар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалпына келтірілді. Ойын алаңшасындағы жасалған жұмыстар ата-аналар мен тұрғындардың көңілінен шықты. Балалар мен олардың ата-аналары үшін бұл – маңызды жаңалық және үлкен жеңіс.

Өз өтініші елеусіз қалмағанына риза болған Қалдыбек Тұрбаев:
– Балалардың алаңсыз ойнап, қауіпсіз жерде жүргенін көру – әрбір ата-ана үшін маңызды. Тез арада әрекет етіп, мәселені шешіп берген «AMANAT» партиясына және әкімдікке алғысымды білдіремін, – деді.

Бұл – партия мен жергілікті билік бірлесіп, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқанының жарқын көрінісі.
Халықтың көкейіндегі сұраныстар мен проблемаларды шешу үшін мемлекет барлық күш-жігерін салып, халықтың сеніміне ие болуда. Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасып, халықтың ұсыныстары мен тілектері бойынша нақты іс-шаралар қабылданады деп сенеміз.