2026 жылғы 26 ақпанда Шымкентте 51 жұп неке қиюға өтініш беріп, отбасын құру үшін әдемі әрі «ерекше дата» – 26.02.26 күнін таңдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
26 ақпан күні қалалық АХАТ бөліміне 51 жұп өтініш тапсырған. Жалпы, 2026 жылдың басынан бері Шымкентте 895 жұп некесін тіркеген.
Ал 2025 жылы Шымкентте 7 052 неке тіркелген. Некелесу рәсімідері салтанат залында өтті, рәсімді АХАТ қызметкері жүргізеді. Сондай-ақ тұрғындар үшін салтанатты көшпелі тіркеу қызметі қолжетімді.
Айта кетейік, некені тіркеу үшін мемлекеттік баж салығы – 4 235 теңге. Салтанатты тіркеу қызметі бөлек төленеді. Өтінішті АХАТ бөліміне кемінде 15 күн бұрын тапсыру қажет. Сондай-ақ өтінішті «ЦОН» мобильді қосымшасы және екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы да беруге болады.















