Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогында үздік шықты

14

Түркияның Анталия қаласында аяқталған дзюдодан Еуропа кубогында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы табысты өнер көрсетті

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, екі күнге созылған жарыста қазақстандықтар 6 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Атап айтқанда, Бекарыс Құдайберген (-50 кг), Баубек Ахмет (-60 кг), Бекали Еркен (-73 кг), Әділжан Жаудинов (+90 кг), Фатима Сұпығалиева (-52 кг), Інжу Жұмажан (-57 кг) өз салмақ дәрежелері бойынша чемпион атанды.

Сондай-ақ Расулхан Ғабит (-60 кг), Еркеназ Сембек (-57 кг), Тоғжан Төлеубай (+70 кг) күміспен күптелді.

Ал Әділжан Нұрбекен (-50 кг), Ерік Үсенов (-66 кг), Нұралы Мәулетхан (-73 кг), Шыңғыс Қонысбек (-90 кг), Ердәулет Жұмабай (+90 кг), Адия Жұмахмет (-40 кг), Зере Талғатқызы (-48 кг) үздік үштікке ілікті.

Жасөспірімдер додасына 21 елден 550 дзюдошы қатысып, бақ сынады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдошы Әділет Алматтың Аустрияда Гран-при турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

kaz.inform.kz