Шымкенттік тиктокер желіде жүргізуші куәлігін сатып, қазақстандықтардың 20 миллион теңгесін алып алған

74

Шымкент полициясы жалған жүргізуші куәліктерін сатқаны үшін тиктокерді тұтқындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шымкентте полиция TikTok-та жүргізуші куәліктерін сатып жүрген алаяқтың «онлайн кеңсесін» құртты.

Ер адам сенімді видеоларды пайдаланып, жүргізуші куәлігін тез алуға көмектесуге уәде берген. Елдің түкпір-түкпірінен 45 адам алаяққа алданып, жалпы сомасы 20 миллион теңгеден астам қаражат аударды.

Олар жарнаманы көріп, «кепілдіктерге» сеніп, ақшаны карталарына аударды. Қаражат түскен бойда тиктокермен байланыс үзілді.

Әрбір зардап шегуші алаяққа орта есеппен 445 мың теңге берген. Бұл сома қайта тапсыруларымен бірге авто-мектепте оқудың құнымен шамалас. Күдікті қазір қамауда, ал тергеушілер оның әлеуметтік желідегі басқа құрбандарын іздестіріп жатыр.

«Құжаттарды заңды айналып өтіп “кепілді түрде” алып береміз деген кез келген ұсыныс – алаяқтықтың айқын белгісі. Күмәнді қызметтер үшін бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыздар», –  деп ескертті ІІМ.

Бұл жағдай жүйені “айналып өтеміз” деген әрекеттердің көбіне ақшадан айырылумен аяқталатынын тағы бір рет көрсетті. Арнайы ХҚКО арқылы заңды жолмен құжат алу тек заңды ғана емес, TikTok-та ұсынылатын қызметтерден де арзанға түседі.