Шетелдіктерді елге заңсыз кіргізіп келген қылмыстық топ ұсталды

89
Шымкентте полицейлер шетелдіктерді елге заңсыз кіргізіп келгендерге тосқауыл қойды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында түрлі мекеменің қызметкерлері бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК дерегіне сүйенсек, погондылар іс-шарасында 28 жерде тінту шарасын жүргізген. Нәтижесінде ондаған шетел азаматының төлқұжаты, ұйымдастыру техникалары, байланыс құралдары, түрлі бланктар мен жалған еңбек шарттары тәркіленді. Сондай-ақ ірі көлемдегі ақша мен тіркелмеген қару да анықталған.

Қылмыстық топты ұйымдастырушы делінген бір азамат қамауға алынды. Заңсыз көші-қонға қатысы бар тағы 13 адам полицияға жеткізілді. Ақшалай сыйақы үшін шетелдіктерді оңды-солды кіргізгендерге қатысты тергеп-тексеру басталды.