Әйелін әлдилетіп еркелеткен Қайрат Нұртас қызу талқыға түсті (видео)

3938
Қайрат Нұртас Араб әмірлігіндегі демалысынан видео жүктеймін деп елдің қызу талқысына қалды. Бейнежазбада әнші жұбайын кішкентай баланы сияқты әлдилетіп тербеткен. Бұған қатысты оқырмандар пікірі екіге бөлініп кетті деп жазады NUR.KZ.
Шоу-бизнес жұлдызы өзінің Instagram парақшасына әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованы ән салып, ұйықтатып жатқаны көрініс табады. Күннің астында рахаттанып демалып жатқан жұбайын әртіс кішкентай бала сияқты еркелеткен.
Видеоның соңында әнші әйеліне басқа жақта өзіне көз-қырын салғандар бар екенін жеткізіп, соларға кеттім деген.
«Қой мен кеттім. Ана жақта маған бәрі сынып жатыр. Еку-үшеу алам-ау» , — деді Қайрат Нұртас жарына.
Бейнежазбаның астына желі оқырмандары сансыз пікір қалдырған. Бірі әнші мен әйелінің сезімге толы сәтіне тәнті болып жатса, енді бірі эстрада жұлдызын басқа қыздарға кеткенін айтқаны үшін сынға алған.