Қазақстанда туған неміс қызы кәсіби рингте нокаут жасады

1357
WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы неміс қызы Кристина Хаммер кәсіби рингте кезекті жекпе-жегін сәтті өткізді, — деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жекпе-жек 9 ақпанда Берлинде өтті. Ол сегіз раундқа есептелген еді. Бірақ Кристина екінші раундта техникалық нокаут жасап, жеңіске жетті. Хаммердің қарсыласы Грузиядан келген Елена Сикмашвили болды. Енді спортшының активінде 24 жекпе-жектегі 24 жеңісі бар.

Кристина Хаммер 1990 жылы 16 тамызда Қарағанды облысы Новодолинка ауылында дүниеге келген. Бала кезінде ата-анасымен Германияға көшіп, қазір Дортмундта тұрады. Бокспен 15 жасынан бастап айналысады, ал 20 жасында Германияның кәсіби бокста ең жас әлем чемпионы атанды. Оның кумирі — Геннадий Головкин.