Дзюдодан чемпион Путинді жарақаттады

1051
Владимир Путин Сочидегі «Юг-спорт» даярлау ортылығында дзюдодан жаттығу жасау кезінде саусағын ауыртып алды. Бұл туралы ТАСС жазады.
Ресей президенті елдің бокс, дзюдо, еркін күрестен құрама командаларымен жаттығу жасады.
Олимпиада чемпионы Беслан Мудрановпен спарринг кезінде оң қолын жарақаттап алды. Бірақ оған кәдімгі пластырь жабыстырғаннан кейін Путин жаттығуын жалғастырды. Ол татамиде сағатқа жуық күресті.
Мемлекет басшысы жаттығу жасап болған соң спортшылармен әңгімелесті. Айтуынша, дзюдомен айналысқанда оның көңіл-күйі көтеріліп, әлемге басқаша қарайды екен.
«Өмірге басқаша қарайсың. Барлық нәрседе жолың бола бастайды», — деді ол.
Путин шығыс жекпе-жегімен 11 жастан бастап шұғылданған. Дзюдо және самбо мастері. Каратэден қара белбеуі бар.