Бақытжан Сағынтаев Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды

1719
Ол 2016 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың ақпанына дейін Үкіметті басқарды.
Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Сағынтаевты Мемлекеттік хатшы қылып тағайындады. Ақорданың сайтында Президенттің осы туралы жарлығы жарияланды.

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, – делінген Мемлекет басшысының жарлығында.

Еске салайық, 21 ақпан күні Қазақстан Президенті Үкіметті отставкаға жіберген еді. Бақытжан Сағынтаев қызметінен босатылып, оның орнына Асқар Мамин Премьер-министр болып тағайындалды. Бақытжан Сағынтаев “Нұр Отан” партиясы саяси кеңесіне мүше болды.
Бұған дейін Мемлекеттік хатшы лауазымында Гүлшара Әбдіқалықова болған еді. Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгеннен кейін ол Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.