Франкофония Наурызы мерекесі Шымкенттен басталды

1126
Шымкентте алғаш рет Бельгия, Канада, Франция, Марокко және Швейцария елдерінің «Франкофония Наурызы» атты мәдени іс-шаралар маусымы басталды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартине, Бельгияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Алекси де Кромбрюгхе, Марокконың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Абдежалил Саубри БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында фанкофония мәдениетімен кеңірек таныстырды.
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов аталған елдердің елшісімен кездесіп, жаңа маусымның ашылуымен құттықтады.
– Ең алдымен сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Франкофония Наурызы мерекесінің салтанатты ашылу рәсімі биыл Шымкенттен басталып отыр. Осындай іс-шараның өтіп жатқанына өте қуаныштымын. Мұның жастар үшін маңызы өте зор. Шымкентте алдағы уақытта еуропалық серіктестермен бірге университет ашу жоспарда бар. Жалпы, арадағы қарым-қатынас әрдайым дами береді. Әкімдік тарапынан біз жастарды қолдауға әрдайым дайынбыз, – деді қала әкімі.
Құрметті қонақтар да форумда өздерінің шынайы алғысын білдірді. Филипп Мартинэ мырза Шымкент қаласының өз алдына статус алғанынына қуанышты екенін айта келе, Жастар жылында жастарға сәттілік тіледі.
Бүгінде еліміздегі 3 ЖОО-да франкофонды елдердің альянсы құрылуда. Француз мәденетіне, француз тіліне қызығушылық жоғары. ОҚМУ ректоры Дария Қожамжарованың айтуынша, оқу орнында 2013 жылдан бері француз орталығы жұмыс істейді. Енді ол орталық Альянсқа айналып отыр.

Дереккөз:ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ