Шымкенттің 35 кәсіпорны өнімдерін экспортқа шығарады

1208
Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов қала әкімдігінің жанынан құрылған Экспорт жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында айтты.
– Бүгінгі таңда қалада тамақ өнімдерін өндіру, жеңіл өнеркәсібінде, машина жасау, металлургия, фармацевтика және құрылыс өнімдерін өндіру салаларындағы 35 кәсіпорын экспортқа өнім шығарады. Үшінші мегаполистің негізгі сауда серіктестері – Нидерланды, Ресей Федерациясы, Қытай және Өзбекстан мемлекеттері, — деді қала әкімі.
Кеңес отырысында экспортты қолдау құралдары, экспорттаушыларды қолдау бағдарламасы, сонымен қатар, қала аумағында орналасқан экспорттаушылардың проблемалық мәселелері талқыланды. 2018 жылдың қорытынды бойынша қаланың сыртқы сауда айналым көлемі 903,1 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде импорт – 568,5 млн. АҚШ доллар, экспорт көлемі 334,6 млн АҚШ доллары болып отыр.
Айта кетейік, бұл кеңестің негізгі мақсаты – Шымкент қаласының экспортын дамыту және ілгерілету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру. Кеңесте, сонымен қатар, Елбасының «Шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру бойынша» тапсырмасына ерекше көңіл бөлінеді.
Дереккөз:ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ