50 жылдан аса басын жумаған және шашын қысқартпаған адамның құпиясы

1247
Жүре берсең, көре бересің дейтін бе еді осындайда. 50 жыл бойы шашына су тигізбей, ұстара тигізбей келген вьетнамдықтың тағдыры бізді айтарлықтай қызықтырды. Ендеше біз құпиясын ашалық, сіз оқыңыз!
Осындай ерекше әрекет жасағанымен, Тран Ван Хэй Гиннестің рекордтар кітабына енбеген. Бұл ақпарат кішкентай елді-мекендегі қарапайым тұрғынның өмірінен болғандықтан, ірі жобаның өкілдеріне жетпей қалса керек. Тран Ван Хэйдің шаштараз алдына бармағанына 50 жылдан астам уақыт өткен. Қазір оның шашының ұзындығы 6 метрді құрайды.
Тран Ван Хэй – 1931 жылы дүниеге келген вьетнамдық қарт. Ол елу жыл бұрын өзінің шашын алдыру барысында терісіне зақым келіп, содан кейін өсіре бергенді жөн көріпті. Уақыт өте келе ұзын әрі қалың, оның үстіне жуылмайтын шаш ағаш діңіне ұқсайтын дүниеге айналып кеткен.
Салмағы 10 килограмнан асатын, ұзындығы 6 метрді құрайтын шаш бумасының сырт пішімі жыланды еске салады. Өзінің айтуынша, ол бұл шашына әбден үйреніп кеткен және қолайлылық үшін одан арылуға құлықсыз.
Ол қыдыратын кезде немесе велосипедпен жүретін кезде ұзын әрі қалың шашын үлкен орамалмен орап алады. Бұл сырт көзге тым қораш әрі күлкілі көрінсе де, Хэй оған алаңдай қоймайды.
Сонымен қатар, Хэй осыншалықты ұзын шашты өмірінде бірнеше рет қана жуған екен. сондықтан, оның сырт көрінісі көз тартарлықтай емес. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оның соңғы рет бас жуғанына да 10 жылдан аса уақыт өтіпті.
Тран Ван Хэйдің Гиннестің рекордтар кітабына енбеу себебі – ол ешқашан өзінің ұзын шашының рекордтық көрсеткіш екені туралы өтініш бермеген. Өзінің сөзіне сүйенсек, ол бұл қадамға мәжбүрліктен барған, ал ол үшін мақтау естігісі келмейді-мыс.
Аударған: Әділет Мәдениет