Саяси қуған-сүргіндерді еске алды: 31 мамыр ойын-сауыққа тыйым салынбақ

1293
31 мамыр ойын-сауыққа тыйым салынбақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Бір қатар депутаттар 31 мамыр қуғын-сүргіндерді еске алу күнінде ойын-сауыққа тиым салып, көңіл көтеру шараларын тоқтатуға ұсыныс жасады. Теледидар мен радиодан көңілашар бағдарламаларды алып тастап, мейрамханалардағы шараларға шектеу қоймақ.
«Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін өткізудің бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеп, оны еліміздің жастар жылымен сабақтастыруы керек. Архивтік материалдарды еркін зерделеп, ғалымдардың архивтік құжаттарын талдауға сол жылдардағы оқиғаларды объективті әрі толық зерттеу жүргізу», — дейді Мәжіліс депутаты Нұрлан Дулатбеков.
Қиын жылдарда бой көтерген лагерлердің орнына мұражайлар мен арнайы орталық ашуды ұсынған мәжілісмендер солақай саясаттың құрбаны болған азаматтарды ақтап, болашақ ұрпаққа үлгі боларлық шаралар ұйымдастырғанды жөн санап отыр. Тіпті депутаттар тарихқа туристерді де қызықтыруды ойға алған.