Қазақстандық боксшылар Шанхайдағы турнирде 7 медаль жеңіп алды

1358
Шанхайда бокстан халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында жеті медаль бар.

56 келіде Нұрбол Қалжанов  қытайлық қарсыласынан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, 81 келіде Нұрбек Оралбай топ жарса, 91 келіде Айбек Оралбайға тең келер боксшы болмады.

Саматәлі Төлтаев 60 келі салмақ дәрежесінің финалында моңғолиялық  боксшыға жол беріп, күміс жүлдегер атанды.
Талғат Шәйкен жарақатына байланысты финалдық кездесуге шыға алмай, 69 келіде күміс жүлдені місе тұтты.
Шалқар Айқынбай 49  келіде, Дамир Тойбай +91 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанып отыр.