Басты Спорт Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров WBO рейтингінде үздік ондыққа енді
Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ санатында әлемдегі үздік боксшылар рейтингісінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Орта салмақта бірінші орынды бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин сақтап қалды. WBO International белдігінің иегері Қанат Ислам сегізінші сатыға жайғасты. WBO Global чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 15-орыннан қозғалған жоқ.
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін Жанқош Тұраров 9-орынға орналасты. Екінші орта салмақта WBO Global белдігінің иешері Айдос Ербосынұлы 10-сатыға жайғасқан.