Түркістан облысында Жастар форумы өтті

1304
Түркістан облысында «Жастар жылы: Болашаққа жарқын жол» атты форум өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Келес ауданында ұйымдастырылған ауқымды шараға аудан әкімі Ақментай Үсенұлы, облыстық Жастар орталығының басшысы Береке Талғатұлы және ауданның белсенді жастары қатысты.
Жиында жастар үшін жасалып жатқан жағдайларды ұтымды және тиімді іске асыру мәселелері талқыланды. Ашық пікір алмасу алаңына айналған форумда кәсіпкерлікті бастау және еріктілер жұмысын дамыту, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу сияқты бүгінгі күннің өзекті проблемалары қамтылды. Жастар  өз кәсібін дамыту мен білім беру саласының озық технологиялары, бұқаралық спортты дамыту мен әлеуметтік желінің рөлі туралы ой бөлісті.

Түркістан облысында Жастар форумы өтті

Жастар саясатын дамыту  жайы қамтылған  жиында қатысушылар өзара пікір алмасып, тың ойларын ортаға салды. Аудан басшылары мен Жастар ресурстық орталығы өкілдері,  сондай-ақ белсенді жастар ұсыныстарын жеткізді. Еліміздің атын әлемдік жарыстарда асқақтатып жүрген спортшылар мен белгілі бір маман иелері де жетістікке жетудің жолдарын айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Ауыл жастарының қоғамда өз орнын тауып, тұрақты жұмыспен қамтылуына байланысты ақыл-кеңестер берілді.
Жиын қортындысымен айтылған ой-пікірлер мен ұсыныстар назарға алынып, бірқатары алдағы уақытта жүзеге асырылатын болып келісілді.
Сонымен қатар, аудан басшысы жергілікті жерде жаңадан құрылған Жастар орталығына қоғамдық көліктің кілтін табыстады.

Түркістан облысында Жастар форумы өтті