Прокуратура: Тулешовтен мемлекет пайдасына 1 млрд. 215 млн. теңге өндірілді

1095
2017 жылдан мемлекеттік сот орындаушының өндірісінде Т.Тулешовтен мемлекет пайдасына 1,4 млрд.теңге өндіру туралы атқару құжаты орындауда болған.
Іс-құжаттарды зерделеу нәтижесінде ЖШС-нің жарғылық капиталындағы активтері ретінде берілген борышкер Т.Тулешовке тиесілі мүліктері анықталды, алайда аталған мүліктерінен өндіруді ұзақ уақыттан бері жүзеге асыра алмаған.
Қала прокуратурасының тікелей араласуымен мемлекеттік сот орындаушы аталған мүліктеріне бағалау жүргізіп, нәтижесімен соттың ұйғарымы негізінде олар мемлекет пайдасына берілді.
Айтылғандардың негізінде, атқару өндірісінің аясында Т.Тулешовке қатысты сот үкімі орындалып, жалпы сомасы 1 млрд. 215 млн. теңгені құрайтын борышкердің мүлкін бюджетке түсуі қамтамасыз етілді.
Сот үкімінің әрі қарай орындалуы бақылауда.
Шымкент қаласының прокуратурасы