Мемлекеттік бағдарламаларды талан-таражға салғандар сотталды

1355

Сотқа тартылғандардың 10-ы әйел.

Түркістан облысында мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген қаржыны талан-таражға салған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды.Түркістан облыстық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотында 14 сотталушыға қатысты сот үкімі оқылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Айта кетейік, сот алдында жауапқа тарлыған 14 тұлғаның 10-ы әйел азаматшалар. Сот алдында жауапқа тартылған Шымкент қаласының жұмыспен қамту орталығының бұрынғы қызметкерлері. Барлығы да мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген қазына қаржысын бірнеше жыл бойы жымқырып келгені үшін айыпталып, құрықталған болатын. Он төрт адамнан құралған қылмыстық топты ұйымдастырғаны үшін басты кінәлі деп Индира Ж. танылды. Алаяқтық және қылмыстық жолмен табылған қаржыны заңдастырғаны үшін де айыпталып, сот үкімімен 8 жыл бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге, сотталушы басты кінәлінің мал-мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарды. Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының бұрынғы тағы екі қызметкері де сот үкімімен кінәлі деп танылып, 7 жылға темір торға тоғытылды. Олардың ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар екендігі дәлелденіп, алаяқтық үшін де айыпталған. Мақсат және Марат есімді экс-шенеуніктердің сот үкімімен бар жиған дүние-мүлкі тәркіленетін болды. Елдің назарын аударған сот процесінде сот алдында жауапқа тарлығна басқа да тұлғаларға қатысты сот үкімі оқылды. Қалғандарына шартты жаза кесіліп, жас балалы сотталушы әйелдердің жазасы кейінге шегеру туралы шешім шыққан. Ұйымдасқан қылмыстық топтың барлық мүшелері бірлесіп мемлекетке келтірілген 430 млн теңге шығынды өтейтін болады. Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.